Өтейбойдақ Ли Джонс. "Ноуқос"

Аффтарларымызды алдын ала сипаттап өту рәсімін бұл жолы да бұзақ емеспіз. Бірақ кейбір құрыған хуйламгерлеріміз туралы ләм деудің өзі қиянаттай көрінеді. Сондықтан ба, бүгінгі шығарма аффтары Өтейбойдақ Ли Джонсты оның жергілікті бір газетке берген сұқбатынан үзінді келтіріп таныстыра салуды қылшық көріп отырмыз.

...-Өтейбойдақ аға, әдебиетке қашан келдіңіз?

— Әдебиетке алдыңғыгүні таңертең келдім. Келсем, мұнда әліпті таяқ деп білмейтін Рюноскэ Мұртаза, Қажығұмар Воркута, Стратиллат Меңдешев сияқты малдар өріп жүр екен. Ойбай шешесс дедім мен бұл міскіндерді көріп, қаламды мен де тербейін ендеше! Тербемек түгілі, шайқайын ептібайымайдтың! Аналардыкін жазыпсыңдар ғой? Менікін де жариялаңдар лібә, Конституциялық Сотқа арыз жазбай тұрғанымда!..

Өтейбойдақ міне, осындай адам(((



Өтейбойдақ Ли Джонс. «Ноуқос»

— Фобиялар мен филияларды тізіп тауыспас болармыз сірә, — деді Парацельс Оңдасынов студенттерге, — жеті милар адамға тән — жеті милар ноуқос бар шығар бұл қуарған қу пәниде.
Әрі қарай

Уәйіс Хиленкиеттэр. «Центр Стратегических Разработок»

«Монументалды документализм». «Биодизайн дәуіріндегі ренессанс сеансы». Жоқ, христиан бауырлар, хуйламгеріміз Уәйіс Хиленкиеттердің еңбектеріне ешқашан мұндай ақылды сөзбен рецензия жазыла қоймас. Оның сүйегін қала орталығындағы Салтанатты Мазарға әкеліп қою туралы мәселе де ешкім көтере қоймас. Дегенмен, конспирология бағытында бірдеңе лоқсыған жазушы тек Уәйіс екенін мойындау керек. Марқұм өзі айтпақшы: «Комитет-300 не теңің: Жылтырайды көтенің?»....



Уәйіс Хиленкиеттэр. «Центр Стратегических Разработок»

«Орталық Азия және Қазақстан» бағытына жауапты Әбіләз Ротшильд әлі тұтығып тұрды. Жиналыс хатшысы, «Центр Стратегических Разработок» төрағасы Нығмет Ольшанскийдің шыдамы таусылып, дүрсе қоя берді:
Әрі қарай

Ақыш Якинта. "Естірту"

Жоқ, жоқ, жоқ, тек қана «Ақыш Якинта неге Жазушылар (қ)Одағында мүше емес, „101 хуйламгеріміз“ антологиясына кірмеген, ең болмаса Қаламсерілер Пантеонында неге жерленбеген?» деп, мазамды ала көрмеңіздер! Себебі әлгіндей құрмет-әспет тек қана тұрақты түрде жазатын немесе ештеңе жазбайтын (маған сеніңіз: кейбіреулерді ештеңе жазбайтыны үшін ғана жазушыдан бетер сыйлауға болады) адамға ғана лайық шығар. Ал енді карьерасының басында алғашқы және соңғы шығармасын әкеліп тастаған адамды ұлықтау… Жақсы, одан да біз оның шашқиды қуындысын орнластырайық, ал сіз сосын — Ақыш Якинтаның қаламтербеу тарихындағы орнын өзіңіз үшін өзіңіз шеше жатарсыз. Шешесстің.



Ақыш Якинта. «Естірту»

Елден ерек гламурланған, азияремонттан көз ашпайтын бұрынғы бесқабатты хрущевка, қазіргі «Жынпайыр Істейд Билдиңде» таңғы сегіздегі қарбалас тіршілік әдеттегідей басталып кеткен еді. Ғимаратты толығымен
Әрі қарай

Сейітқали Меттерних. "Исаның Екінші Келуі"

"Қорқыңдар, қорқыңдар! Өзім де бұтыма жіберіп бара жатырм, сендер де қорқыңдар!"-деп кейіді ол Сонда". © Евангелие от Амандық, стих 87:11.

— Ата, мынадай квартирант табылса мұрнымды кесіп берейін! — деді оператор қатын Дәуіт Духовныға қарап.

-Мен не деп жатырм, солай теріп берсейш, қалғаны өзімнің шаруам. Әрі қарай кеттік. "...Ішімдіктің кез-келген түрін ішпеуі, темекі шекпеуі тиіс. Үйге кешкі сағат сегізге дейін кіріп, таң атқанда сағат бестен бастап кетуге рұқсат. Үй телефоны пайдалануға берілмейді.
Әрі қарай

Стратиллат Меңдешев. "Бейромантик жұп"

— Нәсиха, мені тыңда. Мен де жігіттің сұлтаны емеспін, сені де осы аймақтың хас сұлуы деу күлкілі. Зоотехник ағам айтад өткенде, сені фертильді деген жастан өтіп бара жатыр дейд. Оның үстіне қамауда отырған екі дауылбай ағаң және бар, оларға күйеу бала болам дейтін есі
Әрі қарай

Керекинфо қонағы: Қайыпомар

"Құрметті редакция! Осы жертөледе өмір бар ма?.. Рахмет." Абай Асанкелдіұлы, Тараз.

Неге сайтқа қонақ ретінде — понттан жұрдай қаратабан пролетариат өкілдерін шақырмасқа?
Адам баласы о бастан екіжүзді келед, нақтың. Оған қаззақтардың үш жүзге бөлінетінін қосыңыз, сонда тіпті — бесжүзді адам болып шығамыз. Таң ата жұмысқа шыққан қатындар Мейрамбекті мұз артымен бірге, Деппті, Каприоны, каприді ойлап бара жатады. Дәл сол уақытта «түнімен жауған қарды тазалаған кім?», "Қоқыс контейнерін тазалап қойған кім болды?" деп ойламайды да. Кім
Әрі қарай

Новелла бәйгесіне. Сатыбалды Кербабаев. «Тауық махаббат»

«Ақзеренің аватары құшті, үйленем, ғыӘ» ©СаянҮш

Ермектің М-Агенті

«Охх…». Ермек өзіне ызаланды. «Виртуал өмірді жүректеріңізге тым жақын қабылдамаңыздар: ол бар болғаны – шынайы өмірге пародия ғана» деп пе едім кешегі семинарда? Айтқан екенмін нақ! Біреу қыштаған жоқ қой, ең болмаса осы соңғы сөзді айтпай-ақ қойсам нетті-ау! Енді міне, өзімнің ындыным құрып, танауым желпілдеп кеткені...».
Тек қолмен ұстап, көзбен көргеніне ғана сенетін педант Ермектің өмірлік ұстанымы найқалып, құлауға әзер тұрғанына бүгін үшінші күн. Желілерді қаңғырып жүріп, біреудің досының досы арқылы шықты ма, есінде жоқ: әйтеуір түн жарымында онлайн отырған осы бойжеткенді әуелде біртүрлі қызық көрінген. Суреттерін қарады. Сұлулығы ма, бәлкім сиқыры ма; әлде екеуі де бар ма — әйтеуір баурап алды. Имене-имене достық ұсынған – бірден қабылдады. «Атым — Қырмызы» деді ұяң дауыспен. Иә, ұяң дауыспен! Себебі Ермек осы бір биязы қыздың тіпті дауысын естігендей болды! «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау»деді Ермек іштей. Сосын: «Жазбадан да адамның үнін естуге болады екен-ау» деп, сырттай да айтып көрді, әнасстың: үйде бір қой ешкім жоқ еді.
Әншейінде сылбыр сағат сол күні зулады дейсің! Жаңа таныс бойжеткеннің жазған сайын елітіп
Әрі қарай